Аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы 500 мың теңге пара алған

392
Қарағандыда аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Бөкейхан аудан әкімінің орынбасары ұсталған туралы ақпаратты Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Мұрат Түлеубаев растады. Ол әкім орынбасарымен қатар әкімдіктегі басқармалардың бірінің басшысы да ұсталғанын атап өтті. Мемлекеттік қызметшілер кәсіпкерден 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Факт болды. Мен бұл деректі растаймын. Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы ұсталды. Соңғысы делдал болған. Олар тікелей өз міндеттеріне кіретін функцияларды орындағаны үшін кәсіпкерден 500 мың теңге алған. Қазір осыған қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол әлі аяқталған жоқ. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру мәліметін таратуға құқығымыз жоқ, - деді Мұрат Түлеубаев.