Биыл Сыр өңірінде мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойламақ

221
Биыл жыл соңына дейін 982 пәтерлік 23 тұрғын үй халық игіліне табысталады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы VІІІ шақырылымдағы облыстық мәслихаттың бірінші сессиясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.

Аймақ басшысы жаңадан сайланған мәслихат депутаттарына осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы уақытта қолға алынатын жобаларды таныстырды.

«Биыл жыл соңына дейін 982 пәтерлік 23 тұрғын үй халық игіліне табысталмақ. Бұдан бөлек, республикалық бюджеттен 9,6 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 800 млн. теңге бөлініп, 1000 пәтер сатып алынады. Бұл пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына табысталады. Алғаш рет 130-дан астам жас отбасыға арнайы қабылданған «Сыр жастары» бағдарламасымен жеңілдетілген ипотекалық несие беріледі. Ол үшін жергілікті бюджеттен 1,2 млрд. теңге, «Отбасы» банкінен 500 млн.теңге, барлығы 1,7 млрд. теңге қаражат бөлінді. Бұл – жас отбасылардың баспаналы болуына айтарлықтай қолдау», – деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев. 

Коммуналдық инфрақұрылымды дамытуда да оң өзгерістер жетерлік. Облыс халқының 97,8 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу бойынша жұмыстар жасалуда.

Өткен жылы 6 елді мекен көгілдір отынға қосылып, халықты газдандыру деңгейі 70 пайызға жетті. Биыл 12 ауылды газдандыру арқылы газбен қамту деңгейін 72 пайызға жеткізу жоспарлануда.



 Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының ұсынысымен басталып, жергілікті демеушілердің қолдауымен тұрғын үйлердің сырты заманауи панельдермен қапталатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Айдын Әнуар мәлімдеді.

«Қазіргі таңда орталықтағы 18 тұрғын үйдің сырты фасадтармен қапталатын болады. Абай даңғылы, Ғани Мұратбаев көшесі, орталық алаңдағы тұрғын үйлердің қаптау құрылысы кезең-кезеңімен жалғасады. Бүгінде төрт үйдің жұмысы басталып кетті. Аталған нысандарды мамыр айының басында тапсыру көзделіп отыр. Жоспарымызда 25 тұрғын үй бар»,- деді Айдын Серікұлы.