Спорт басқармасының экс-басшысы 367 млн теңгені жымқырған

83

367 млн теңгені қалтаға басқан Алматы қаласы спорт басқармасының экс-басшысы Рүстем Байсейітовке сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Медеу аудандық №2 сотының үкімімен Рүстем Байсейітов кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан және 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.


Алматы қаласы Спорт басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің бұрынғы басшысы Әйгерім Байғонова 3 жыл 6 айға;

"Қазақстан Гольф Федерациясы" РҚБ-ның спорт менеджері Әлия Смақова 3 жылға; 

Qazaq Sport ЖШС директоры Ержан Мұхаманов 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.


Осы жылдың қаңтар айында Антикор Алматы қаласы спорт басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты 367 миллион теңге жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын хабарлады.


Басты күдіктілердің бірі – Алматы қалалық спорт басқармасының экс-басшысы Рүстем Байсейітов. Ол пандемия кезеңінде (2020-2021 жж.) қарамағындағы қызметкерлерімен коронавирус инфекциясына байланысты бақылау мен шектеулердің баяулағанын пайдаланып, ЖШС директорының туыстарының банктік шоттарына ақша аударғаны анықталды.


Алайда, Спорт басқармасының бұрынғы басшысы сотта өз кінәсін толық мойындамайтынын айтты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.