Жол құрылысына бөлінген бюджеттің 1,2 млрд теңгесі қолды болған

164

Ақмола облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының экс-орынбасары ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Бас прокуратура мәліметінше, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. 


“Ол жол салуға бөлінген бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқыру фактісіне қатысы бар деген күдікке ілінді. Атап айтқанда, нақты жұмыстарды орындамай ол бюджеттен 1 млрд 244 млн  теңге төленген”, – делінген хабарламада.


Осы факті бойынша ҚК 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен (аса ірі көлемде жысқыру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Осындай қылмыс жасаған үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.   

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.