350-ге жуық шымкенттік мұғалімнің басы дауға қалды
319
Шымкентте 300-ден астам мұғалім жалған аттестаттау куәлігімен жұмыс істеген. Жалған біліктілік олардың үстемеақы алуына мүмкіндік берген.
Телеарна мәліметінше, 348 шымкенттік мұғалім жалған аттестаттау куәлігін сатып алды деген күдікке ілінген.
Сертификат үш жылдай бұрын сатып алынған. Олардың әріптестері құқық қорғау органдарына хабарласып, өтірікті ашқан.
Ал қаржы полициясының қызметкерлері республикалық тесілеу орталығында тестті сәтті тапсырғандардың тізімін тексерген.
Тексеріс нәтижесінде көптеген педагогің аттестациядан өтпегені, тіпті тесnілеу орталығына келмегені, құжаттың сатып алынғаны анықталды.
Телеарна дерегінше, мұғалімдердің 80 пайызы екі жыл бойы заңсыз алып келген ақшасын мемлекетке қайтарған. Енді олар тағы да тест тапсыруы керек.
Сонымен бірге, сертификатты сатқандарға қатысты сот процесі өтіп жатқаны хабарланды.
"Қазіргі уақытта мұғалімдерді жалған аттестаттауға қатысты қылмыстық іс қозғалды, алаяқтық бойынша сот процесі жүруде", - деп хабарлайды Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева.