АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ АЛАҢДАТУДА

5 132

Соңғы уақытта еліміздегі азық-түлік дүкендеріндегі бағаның күрт қымбаттауы тұрғындарды алаңдатуда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Азық-түлік бағасының қымбаттауы ел ішінде анық сезіле бастағаны жасырын емес. Атқарушы билік әлеуметтік маңызы бар тауар құнын мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы төмендетуге тырысқанымен, қымбатшылықтың қарқынын тежеу мүмкін болмай отыр. Оның үстіне өңірдергі құн нарығындағы ахуалдың шынайы көрінісі ресми статистикада айтылған сандардан әжептәуір алшақ кеткенін де байқауға болады.


Баға өсімі тауардың түріне қарай әсер етеді. Жеңіл тауар болса аса қымбаттамайды, ірі өнімдерге баға тиісінше өсуі мүмкін. Ал, жуырда жанар-жағармай бағасы өскені белгілі. Жанармайдың бағасының көтерілуін сылтауратқан тасымалдаушы және жеткізушілер ең керекті деген азық-түлік бағасына 3-4 пайыз, ал күнбағыс майы – 2,4 пайызға, ал ұн – 37 пайызға көтерілді. Тағы бір айта кетерлігі, тауар өндіруші ірі кәсіпорындар қазір бензин, дизельмен жұмыс істемейді. Олар газға көшкен. Соның өзінде бензин бағасының жоғарылауы басты себеп дейді тасымалдаушылар. Қымбатшылық бәрінен бұрын қарапайым халықтың қалтағысын қағып жатыр. Жалақыны жеткізе алмай, тиын санап қалдық дейді қызылордалықтар.


«Базар бағасы күндегісін  күнде өсіп жатыр. Тұрақтала ма десек, одан бетер артып барады. Таразыдан жегені бір бөлек, қымбатшылығымен қанап жатыр. Айлы,ымыз шайлығымызға жетпей, қара тиын санап қаламыз.»,- дейді Шахнұр.


Қымбатшылықтың бір себебі өндіруші мен түпкілікті тұтынушы арасындағы делдалдардың көптігі.  Артық табыс тауып қалуды көздейтін кәсіпкерлерде жетерлік. Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтар табысының жартысынан көбін тамаққа жұмсайды екен. Азаматтарымыздың жалақысының өсу деңгейі әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне төтеп бере алмайды. Сонымен қатар, қазіргі геосаяси жағдайға байланысты экономикалық мәселелерге нарықтағы тауарлардың физикалық қолжетімділігі мәселесі де қосылып отыр. 


«Тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы тамызда 2022 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 106,4% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар 6,8%, азық-түлік емес тауарларына – 6,7%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер – 5,3% өсті. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2023 жылғы тамыз 2022 жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 9,7% төмендеді.»,- деп жазылған арнайы Ұлттық статистика бюросының анықтамалығында.


Ет бағасы да есеңгіретіп қойғаны жасырын емес. Ірі сауда дүкендерінде ет бағасы 3 150  теңгеде н бастап саудалануда. Ал, қала орталығында орналасқан «KZO ET» ет орталығы сиыр етін – 2150 теңгеден, жылқы етін -2250 теңгеден саудалауда. Ал, әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тізіміне 19 түрлі өнім жатады. Өңірімізде орналасқан әлеуметтік дүкендерде 19 өнім толықтай бола бермейді. Тіпті халыққа ұсынылған өнімнің жарамсыз екендігі анықталып жатады. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы зор өнімдердің бірі әсіресе, бидай ұны қымбаттаған. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырсақ, ұн 38 пайызға өскен. Сәйкесінше, нан бағасы да 10пайызға көтерілген. Сонымен қатар өңірде көкөністер де  қымбаттаған. Бұл күз айына тән емес екені анық. Алайда, қырыққабат құны биыл шарықтап кетті. Пияз бен сәбіздің бағасы да арзан емес.  


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына қосылған үстеме 15 пайыздан асса, онда 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Күн сайын қос бүйірден қысқан қымбатшылық кім-кімге де оңай тимей тұр. Бағаның ауа - райы секілді құбылуына тоқтап қойылып, бақылауға алынса игі.