Демалыс күндері Қазақстанда 40 градусқа дейін ыстық болады

278

Синоптиктер  3-5 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Еліміздің солтүстігінде күн суытып, оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Алдағы күндері Қазақстан Республикасының батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстарында күн суытады.

Елдің оңтүстік жартысында күн райы ыстық болады.  

- Батыста түнде +10...+18-ден +8...+16°С-қа дейін, күндіз +23...+31-ден +17...+25°С-қа дейін,
- солтүстік-батыста түнде +15...+23-тен +10...+18°С, күндіз +27...+35-тен +21...+28°С,
- республиканың солтүстігінде түнде +15...+23-тен +8...+16 °С-қа дейін, күндіз +25...+35-тен +17...+25°С-қа дейін,


- республика орталығында түнде +10...+22°С, күндіз +30...+38°С,
- Республиканың шығысында ауа температурасы түнде +4...+15-тен +10...+18°С, күндіз +22...+27-ден +30...+38°С-қа дейін көтеріледі. ,
- республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында негізгі фон температурасы түнде +15...+25°С, күндіз +30...+40°С.