Еуропа депутаттары Қазақстан шенеуніктеріне жаза қолдануды сұрайды

440

Еуропа Парламентінің депутаттары Қазақстанда қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздіктер кезінде адам құқықтарының сақталмауына байланысты отандық шенеуніктерге қарсы санкциялар енгізуге шақырды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

РИА Новости агенттігінің ақпаратынша, арнайы құжат бүгін Страсбургтегі пленарлық сессияда қабылданады.

Еуропарламент қабылдайтын бұл құжаттар декларативті, яғни оны орындау міндетті емес. Дегенмен, Еуроодақтың институттары мен Еуропа елдері оларды өз жұмысында ескереді.

2022 жылғы қаңтардағы наразылықтар кезінде елеулі құқық бұзушылықтар болды. Осыған орай Еуропарламент Еуроодақ кеңесін бұған жауапты Қазақстанның жоғары лауазымды шенеуніктеріне дербес санкциялар енгізуге шақырады,— делінген мәтінде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.