ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АНА: МЕКТЕПТЕГІ ТАМАҚҚА КӨҢІЛ ТОЛМАЙДЫ
Соңғы уақытта Қызылорда қаласында мектептерде берілетін тамақтың сапасына байланысты сын айтушылар қатары көбейді, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Мемлекет көпбалалы немесе күнкөрісі төмен отбасыдан шыққан оқушылар мен бастауыш сынып балаларын тегін түскі аспен қамтиды.
Жасыратыны жоқ. Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларын айтпағанда, баласының жағдайын жасап отырған ата-ананың өзі де күні бойы жұмыста. Яки болмаса таңертең толық оянбаған, тәбеті ашылмаған баласын сабаққа кешігеді деп безектеп, тиісінше тамақтандырып үлгере алмайды. Көп әке-шешенің баласының мектепте не ішіп, не жеп жүргенін бақылап отыруға қажыры мен уақыты жетпейді.
Сонымен бүгінгі күні қызылордалық оқушыларға берілетін астың сапасы қандай?
Бүгінде бастауыш сынып оқушыларына берілетін ыстық тамақ «белгіленген нормаға сай емес» дейді ата-аналар. Ал білім басқармасы бұл пікірмен келіспейді.
Жас ана Жанардың төрт баласы бастауыш сынып оқушылары. Оның айтуынша, мектептің «білімі жақсы, дегенмен асханасындағы түскі тегін асы мүлдем нашар».
«Менің қызым №261 мектепте оқиды. Тамаққа ақша сұрайды. Тегін тамақ ішесің ғой десем, тамақ дәмсіз жегім келмейді дейді», - деп пікір қалдырған Айгерім.
Жасыратыны жоқ «әділетсіз өтетін тендерлер» ас мәзірінің сапасына теріс әсер етеді. Мамандардың сөзінше, мектептерді ыстық аспен қамтамасыз ету бойынша өтетін тендерлерде қызмет бағасын арзандатып, бір баланы белгіленген 300 теңге емес, 200, 180, тіпті кейде 160 теңгеге тамақтандырамыз дейтін кәсіпкерлер жеңіп шығып жататын көрінеді.
Тиісінше байырғы асхананың қызметкері де шындықты жайып салған:
Шағым жасағаннан ештеңе шықпайды бәрібір. Тексеріс келетін болса білім бөлімінен звондап, ескертіп қояды. Қашан баратынын, қай мектепте жүргендерін. Сосын бәрін ақша шешеді... Тендерден ұту үшін де ақша. .... »,- деп пікір қалдырды Айнұр.
Бұл жөнінде Қызылорда қалалық Білім бөлімі:
Ал оқу жылында аталмыш мәселе шешімін тауып жатса қанекей? Жыл сайына қайта көтерілетін мәселе сала басшыларының назарына ілікпей ата-аналардың ғана «басқатырмасына» айналғалы қашан...