Балабақшада шкаф құлап, төрт бүлдіршін мен тәрбиеші жарақат алды

1 559

Фото: ашық дерек көзіОралда балабақшада шкаф құлап, төрт бүлдіршін мен тәрбиеші жарақат алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 1 ақпан күні қаланың Солтүстік-шығыс шағынауданында «Сәби» балабақшасында болды.


«Жедел жәрдем сағат 11.30-да шақыртылып, бригада 8 минуттан кейін жеткен. Шкаф құлап, бес адам зардап шеккен, оның төртеуі – балалар. Алдын ала мәлімет бойынша жамбасының жұмсақ тіні көгерген 1976 жылғы әйел қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін әйел амбулаториялық ем алуға жолданды. 2018 жылғы қыз балалардың денелері көгерген. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасында қаралғаннан кейін олардың жағдайы қанағаттанарлық болғандықтан, амбулаториялық ем алуға үйлеріне жіберілді», деп хабарлады ведомстводан.

Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған мәліметке қарағанда, балабақша басшылығы комиссияны қарсы алуға дайындалып жатқан. Шкафты қойғанмен, ол қабырғаға бекітілмеген. Тәрбиеші құлап бара жатқан шкафқа ұмтылып, тәрбиеленушілерін барынша қорғап қалған.


БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.