ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТҰРҒЫНДАР ТҰРҒЫН-ҮЙДІ «МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУДЫ» ТАЛАП ЕТУДЕ

1 461
Бүгінгі күні әлеуметтік желіде Назарбаев даңғылы мен Абай даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарына зәру екендігін айтып тұрғындар бас көтерді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда қаласының орталығында орналасқан Елбасымыздың құрметіне берілген көше, яғни  Назарбаев даңғылында орналасқан №47 үйдің А,Б,В,Г көпқабатты тұрғын үйі күрделі жөндеуді талап етуде. 

Тұрғындардың айтуынша, 2021 жылдың тамыз айында құзырлы органдармен кездесу өтіп үйді жөндеуге уәде берген. Мәселені облыстық және қалалық әкімшілік пен тазалыққа жауапты құзырлы органдарға заңды түрде арыз жазылып шағымдар түсірілген. Десе де, еш нәтиже болмағандығына қапалы болып отыр. Ал, қала тазалығына жауапты мекеменің айтуы бойынша,
«Назарбаев даңғылы 90АБВГ (Абай даңғылы 47АБВГ) тұрғын үйіне 2021 жылы "Нұрлы жер 2020-2025" бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінді. Алайда, тұрғындар арасында келіспеушілік, екі мердігер мекемеге талас туындауына байланысты тұрғындар тарапынан үй кеңесі құрылып, мердігер мекеме таңдалды. 08.09.2021 жылы "Қызылорда қалалық тұрғын үй инспекциясы" басшысы А.Рысбектің басшылығымен, "Қызылорда тазалығы" ЖШС өкілдерінің және Абай 47АБВГ тұрғын үй кеңесінің мүшелерінің қатысуымен өткен жиналыс шешімімен, күрделі жөндеу жұмыстары кеңес мүшелерінің келісіммен 1жылға кейінге қалдырылды. Шешімнен кейін де тұрғындар облыстық прокуратураға арыз-шағым жазып, хаттама қолданған. Бүгінгі күні РБ қайта қаржыландыру күтілуде»- деген болатын «Қызылорда Тазалығы» ЖШС мамандары.
Осы орайда:
"Осы үй тұрғынымыз көріп тұрғандарыңыздай үй жағдайы өте нашар! Оның үстіне сасыктығы былай тұрсын масадан арылу мүмкін емес. Бәрі құлау алдында тұрған секілді. Биліктің не күтіп, жүргенін білмейміз.»,- деді Гүлфара Құлымбетова

Тұрғындар шарасыздықтан билік өкілдеріне өтініш айтып видео үндеу жолдаған болатын. Үйдің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмесе болмайды, адам шығыны орын алуы мүмкін екендігін алға тартқан тұрғындар тиісті шара көрілуін талап етуде.
 
«Өткен жылы әкімшілік, прокуратура және де ҰҚК қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өткен болатын. Алайда тұрғындар екі мердігер мекемені таңдауына байланысты кейінге шегерілді. Осы орайда атап өту керек тұрғындардың мердігерді таңдауы өз еріктерінде болып отыр. Сол себепті тұрғындар екіге бөлініп отыр. Осы жылы тұрғындардың 70%-ы келісім беріп, бір мердігерді таңдаған жағдайда, тиісті жұмыстары жүргізілетін болады. Оған еш алаңдау болмасын. Таңдау тұрғындардың құқығында»,- екендігін атап өткен болатын Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Абзал Рысбекұлы.

Ал, қала тұрғындарының бірі аталмыш «модернизацияны», яғни  күрделі жөндеуді көрген Мұратбаев 17 үйдің түрғыны:
«Құдай-ау бұл жөндеу емес, тонау! Бәрі ағып жатыр, жертөле әлі суға толы, төбелер төгіліп жатыр, шатырлардан сулар ағып жатыр, қойылған кафельдеріде қазір жоқтың қасы! Ойын алаңшалары деді, ал орындықтары жоқ, бесінші қабат көкте қалқып тұр. Енді желге ұшқан ақылсыз ақшаның қайда кеткенін не үшін тқлем жасап жатқанымызды әлі күнге дейін түсіне алар емеспін! Нәтижесіз жұмысқа қаржы төлегеніме қынжыламын. Ал, қазір ештеңе дәлелдей алмайсыз»,-деп налыды күрделі жөндеу жұмысын көрген Ольга Захарова.
Расымен осы күрделі жұмыстар қала ішінде жүргізілгендігін байқаймыз. Десек те,  біздің жариялаған Қызылордада ескі тұрғын үйлердегі жөндеу жұмыстары көзбояушылық па? атты мақаламызда көрсетілгендей «Сырты бүтін, іші түтін» болған көзбояушылық дүниеден қашан арылар екенбіз?

АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ