32 жастағы мұғалім 8-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

1 489

Фото: pixabay.comСемейде мұғалім 8-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазір оқушысын зорлады деген күдікпен алғашқы әскери дайындық пәнінің тәлімгері қамауға алынып, оған тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.


Білім бөлімінің мәліметінше, 32 жастағы мұғалімнің онда жұмыс істеп жүргеніне екі жыл болған. Әріптестері оның тек жақсы қырынан көрінгенін айтады. Ал жәбірленуші қыз 8-сыныпта оқиды. Ол қазір сабаққа келіп жүр дейді мамандар. 

Ол мұғалім 2016 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген. Аталған жағдай бойынша қазір құзырлы органдар тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді сол жұмыстардың нәтижесі ойынша қосымша ақпарат беріледі. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында, – деді Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Біржан Бұлабаев.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.