"Қолдарын байлап, пышақпен қорқытқан": Белгісіз ер адам төрт баланы азаптаған

2 111

Фото: видеодан скриншотАлматы облысы Жамбыл ауданында белгісіз ер адам төрт баланы байлап, ұрып-соғып, азаптады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Видеода ер адамның балаларды қорқытып, пышақпен қорқытқанын көруге болады. Балалар мұны істеген Бақытжан деп айтты.


“Кәмелетке толмағандарға шабуыл жасаған әрекет туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті анықталып, оған қатысты ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша облыстың барлық аудандық бөлімшелері мен өңірлік полиция органдары бағдарланды. Басқа ақпарат қосымша беріледі”, – деді Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов


Полиция басқармасының бастығы қылмыстық істі өз бақылауына алғанын айтты. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.