Жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам қаза болды
Ақтөбе облыстық полиция департаментінің таратқан ақпаратына қарағанда, 6 наурызда таңертеңгі сағат 8 жарым шамасында Ақтөбе-Астрахань трассасының 120-шы шақырымында екі көлік соқтығысып, соның салдарынан Ларгус өртенген,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Облыстың денсаулық сақтау басқармасы 8 адам қаза болғанын хабарлады.
Ақтөбе облысы Темір ауданы Саркөл ауылының әкімі Мәди Сүйіншалиннің сөзінше, 12 жастағы ер бала әкесімен бірге мерт болған. Екі оқушы қыз нағашы әжесімен бірге Ақтөбеге бара жатқан.
Ауыл әкімінің сөзінше, ересектер балаларды жеке шаруаларымен әкеткен. Ал көлік жүргізген жігіт Саркөлге жақын Кеңқияқ ауылының тұрғыны екен. Ол да қаза болған. Жол апатынан қайтыс болған өзге екі адамның кім екені әзір белгісіз.