18 жастағы жігітті бір топ ер адам соққыға жыққан

1 448

Видеодан скриншотАлматыда бір топ ер адам 18 жастағы жігітті соққыға жыққан видеосы тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

18 жастағы жасөспірімнің анасы 11 қазаннан 12 қазанға қараған түні Төле би көшесіндегі "Шашлыкоф" дәмханасының алдында бір топ мас ер адам ұлын аяусыз соққыға жыққанын хабарлады.

Айтуынша, 35-40 жас шамасындағы 15-20 адам тап беріпті. Бала басынан соққы алған, мұрны сынып, ерні жыртылған. Тіпті есін жоғалтса да, ұруды тоқтатпады дейді.

“Есімді жисам, басымды тепкілеп жатыр дейді. Басты күдікті көлікке мініп, қашып кетті. Көмек беріңіздерші”, – деді ана.

Соған қарамастан әйел тек үш күдікті ұсталғанына наразы. Қазір іс Қылмыстық кодекстің 107-бабы “Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру” бойынша тергеліп жатыр дейді. Ол кінәлілердің толық жазалануын қалайды. 

Жігіттің өзі аталмыш дәмханаға досымен келе жатқан кезде мас ер адамдар тап бергенін айтады.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.