Колледж директорын интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған әйел сотталды
Түркістан облысында колледж директорын интимдік видеосын жариялаймын деп бопсалаған 35 жастағы әйел сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Түркістан облысында бұрынғы басшысынан ақша мен қымбат көлік бопсалаған әйелге сот үкімі шықты. Оқиға бірнеше жыл бұрын облыстағы колледждердің бірінде болған. Әйел лаборант болып жұмыс істеп жүріп, директормен интимдік сипаттағы видео түсіріп алған. Осыдан соң видеоны жарияламау үшін алдымен 2,5 мың доллар, сосын тағы 2,5 миллион теңге мен көлік талап еткен. Жәбірленуші полицияға шағымданған.
Сот әйелді кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Сондай-ақ сот сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 28 миллион теңге өндіруге үкім шығарды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Сотталушының адвокаттары апелляциялық шағым түсірді. Олар әйелдің асырауында жас балалары бар екенін ескеруді сұрайды.