Қызылордада мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді

2 014

informator.uaҚызылордада мектеп мұғалімі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтірді деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылордада дене шынықтыру пәнінің мұғалімі әріптесін өлтіргені туралы ақпарат тарады. Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растап, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.


"Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, күдікті қамауға алынды, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", – деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

Бұл оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы:


"31 мамырда екі мұғалімнің де еңбек демалысына кеткенін хабарлаймыз, оқиғаның мән-жайын құзырлы орган анықтап жатыр", –деп толықтырды ведомстводан.

 Оқиғаның мән- жайы қосымша жарияланатын болады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.