Қызылордада сиырды жеңіл көлікке тиеген ұрылар ұсталды

1 600

Фото: Қызылорда облысы ПДҚызылордалық полицейлер сиырды жеңіл көлікке салып алған мал ұрыларын ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға Қазалы ауданына қарасты Ақтан батыр ауылының тұсында болған.



Күшейтілген түрде кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында Ақтан батыр ауылына жақын жерде өтіп бара жатқан «Volkswagen» маркалы көлікті тоқтатты. Тексеру барысында полицейлер көліктің багажында жатқан сиырды көреді. Екі ер адам сиырды көрші ауылдан ұрлап, сатуға апара жатқандығы белгілі болды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осы тектес деректерге қатыстылығы тексерілуде, — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.