«Таза Қазақстан» акциясының іске асырылу барысына зерделеу жұмыстары жүргізілді

1 505

«AMANAT» партиясы«AMANAT» партиясы жанындағы облыстық және қалалық Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қала әкімдігі жанындағы «Қала тазалығы» өкілі, аумақтың учаскелік полициялармен бірлесіп «Таза Қазақстан» республикалық акциясын іске асыру барысына мониторинг жүргізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өңірде апта сайын тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, акция жалғасын тауып жатыр. Алайда қаланың шет аймақтарының кей жерлерінде тазалық мәселесіне келгенде әлі де бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігі байқалуда.


Осы мақсатта мониторинг топ қаланың Шанхай бөлігінің Мешітбай Қаржаубай көшелері бойында белгіленбеген жерлерге қоқыс шығару ережелерін бұзуға жол бермеу туралы түсіндірме жүргізді. Осы мақсатта топ мүшелері аталған аумақтың экологиялық жағдайын жақсартуда көше бойында орналасқан коммерциалық нысандар мен мемлекеттік мекеме басшыларымен кездесіп, аумақты абаттандыру үшін ұжым болып тазалық акциясына үлес қосуға шақырды. Онда көше аумағын қоқыстан таза ұстап, жол бойындағы өсіп тұрған арам шөптерді шауып, аймақтарды ретке келтіруді ұсынылды. Коммерциалық мекемелер өкілдері ұсыныстар бойынша жұмыстарды қысқа мерзім ішінде қалпына келтіретіндерін жеткізді. Сонымен бірге қоқыстар жиналған жағдайда оларды алдырту үшін «Қала тазалығы» тиісті орынға ұсыныс берілді.


Мемлекеттік мекеме басшыларыда бұл акциядан сырт қалмай, бір кісідей атсалысып жатқандарын айтты. Дегенмен бүгін ғана тазалап, қоқысын жинап кеткен көшеде келесі күні тағы бір қоқыстың пайда болатынын алға тартып, бақылау камерасын қоюға және учаскелік полициялар тұрғындарды тазалық сақтауға шақырып тұруын сұрады.