Қызылордадағы түзеу мекемелеріндегі  104 сотталғанның жеке куәлігі жаңартылды

1 227

Фото: ҚАЖДҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтарды құжаттандыру жұмысымен арнайы есепке алу қызметкерлері айналысады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда қаласындағы түзеу мекемелерінің Арнайы есепке алу бөлімі мен қалалық көші –қон қызметі қызметкерлері мекемеде  жазасын өтеп жүрген азаматтарды құжаттандыру мәселелері бойынша тығыз жұмыс жасауда. Жыл басынан Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесіндегі 26 сотталғанның және №60 мекемесіндегі 78 сотталғанның жеке куәлігінің мерзімі аяқталуына байланысты қайта жасалды.



"Жеке куәліктің болмауы сотталғандардың бірқатар құқықтарын қиындатады. Сондықтан да арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері  сотталғандарды құжаттандыру мәселесін  бірінші кезекте қояды. ҚАЖ мекемелерінен босатылғаннан кейін алынған жеке басының куәландыру құжатымен тұрғылықты мекенжайына барып тіркеліп, жұмысқа орналасады немесе денсаулық жағдайын байланысты жергілікті емханаларға тіркеуге алынады. №60 мекемесінде жазасын өтеп жүрген 10 жылға сотталған азамат жеке куәлігін бостандықта жүргенде жоғалтып алған. Арнайы есепке алу бөлімінің қызметкерлері сотталған азаматтың жеке басын куәландыратын құжатының  жоқ екендігін анықтап, Қызылорда қалалық көші-қон қызметінің қызметкерлерімен бірлесе отырып,  құжаттандыру жұмыстарын жасап бердік",- дейді мекеменің арнайы есепке алу бөлімінің бастығы әділет майоры Назерке Молдағалиқызы.



"Мен жеке куәлігімді алатыныма қуанып отырмын. Бостандықта жүрген кезімде жеке куәлігімді жоғалтып алған болатынмын. Жеке куәлік алу үшін мекеме қызметкерлерінің көмегімен өтініш жаздым.  Жеке басыңды анықтайтын құжатың болмаса қиын. Жазамды өтеп шыққан соң жұмысқа орналассам да, медициналық мекемеге тіркеуге ЖСН болмағандықтан тіркеле де алмайсың. Мекеме қызметкерлеріне алғысым шексіз",-деді сотталған азамат.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.