Кәмелетке толмағандарды қорлағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

1 180

Фото: Елдар ҚабаЗорлық-зомыбылық жасағандарға жаза күшейтіледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

 Енді кәмелетке толмағандардың құқығын бұзып, қорлағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Бұған дейін жасөспірімдерге зиян келтірген қаскөйлер 20 жылға сотталатын. Жыныстық зорлық-зомбылық және суицидті насихаттағандар  үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Қорқыту, буллинг пен кибербуллингтің құрбаны болған жастарды анықтап, оларға көмек көрсету әдістемесі әзірленді.

Биыл бала тәрбиесі бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 84 мың ата-ана жауапкершілікке тартылған.  Жалпы, соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасындағы қылмыс өткен жылмен салыстырғанда 30%-ке, биыл 5%-ке төмендеді.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.