19 жастағы баланы төрт адам 9-қабаттан лақтырып жіберген

1 366

Фото: pixabay.com

Астаналық әйел 19 жастағы ұлын төрт бала қинап, тоғызыншы қабаттан

 лақтырып жібергенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат

 агенттігі.

“4 баласы бар анамын. Шырылдап, әділдік іздеп отырмын. Ұлым ішпейді, шекпейді, академияда оқиды. Күдіктілер “өзі ішті” деп жаланы марқұм ұлыма жаппақ. Заң қайда? Менің жай-айқайымды естіп отырған ешкім жоқ. Құзырлы органдар кінәлілердің жазасын заңды түрде бергенін қалаймын. Қылмыс бұлай жалғаса берсе, елімізде жастар мүлде қалмайды”, – дейді марқұмның анасы.
“Осы жылдың 13 қазанында тіршілік белгісі жоқ ер адамның табылғаны туралы хабар келіп түсті. Полиция қызметкерлері келгеннен кейін марқұмның жеке басы анықталды. Алматы аудандық ішкі істер басқармасы адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада. 






OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.