Ұлттық мереке ұлықталды
№2 «Айгөлек» бөбекжай балабақшасы, «Ақбота» ортаңғы тобында Индира Нагашыбаевнаның ұйымдастыруымен Республика күні қарсаңында «Қыран елім – Қазақстаным!» атты ертеңгілік өтті, - деп хабарлайды "Opennewskz" ақпарат агенттігі.
Ұлттық мерекені ұлықтау мақсатында өткен шараның шымылдығы балабақша меңгерушісі Анар Кеулімжайдың алғы сөзімен түрілді.
Шарада балабақша тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасының рәміздері мен және республика күінінің тарихымен танысты. Сонымен қатар еліміздің тәуелсіздік алғалы бері жеткен жетістіктері, бас қаламыз Астананың да көрікті жерлері фото, бейнежазбалар арқылы тамашаланды.
Балабақшадағы ертеңгілік — балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, әлеуметтік ортаға бейімдеу, және мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылатын іс-шара. Мұндай ертеңгіліктер көбінесе арнайы тақырыпта өткізіледі, мысалы, Наурыз, Жаңа жыл, Ана күні, немесе басқа да ұлттық мерекелер.
Ертеңгіліктер балабақшадағы балалар үшін көңілді әрі білімді шаралар болып табылады, олар шығармашылық әлеуетті дамытуға, мәдениетті насихаттауға және балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мұнан соң балғындар әртүрлі формаларды қиып, Қазақстан Республикасының картасын құрастырды. Мерекелік шара соңында балалар өз өнерін ортаға салды. Бірі патриоттық өлеңдерді оқыса, екіншісі би билеп, ән салды.