Нағилық кәсіпкер бахила шығарады
Айдана Қалиева Сырдария ауданда кәсіпкерлік бойынша жаңа идеяны іске асырған жас кәсіпкер, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ол осыдан бір жыл бұрын жаңа бизнес-идеясын бастау үшін конкурсқа құжатын тапсырған болатын. Конкурс нәтижесінде оның әзірлеген бизнес-жоспары облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан қолдау тапты. Мемлекеттік грант негізінде 5 млн теңге қайтарымсыз қаржы ұтып алып, бахила өндірісін жолға қоюға мүмкіндік алды.
Бахила шын мәнінде көптеген мекемелерде, әсіресе емханада гигиена мен тазалықты сақтау үшін таптырмас зат. Аяқ киімнің сыртынан киілетін бахила айналаны шаңмен ластамауға немесе керісінше аяқ киімді сыртқы ластанудан қорғауға өте қолайлы. Бахила тазалықты және санитарияны сақтауды аса қажет ететін мекемелерде кеңінен қолданылады. Әсіресе, медициналық мекемелерде, салондарда, шаштаразда келушіге ыңғайлы жағдай жасау үшін бір рет пайдаланылатынын көріп жүрміз. Сондықтан бахилаға деген сұраныс күн сайын артпаса, кемімейтінін зерттеп, білген кәсіпкер өз идеясын іске асыруға батыл кірісіп, өз бизнесін жасауға мемлекеттен грант ұтып алды.
Айдана Маратқызы бахила шығаратын арнайы құрылғыны Қытайдан алдырған. Бұл құрылғы зауыттан 380 В-пен жұмыс жасайтын болып шығатындықтан, оны 220 В-қа қайта жасауға тапсырыс берген. Зауыт тапсырысты орындап берген. Минутына 200 дана шығаратын жаңа құрылғының салмағы 600 келі. Мемлекеттен берілген грантты құрылғыны сатып алуға жұмсаса, қосымша өз қаржатына өндіріске қажетті полиэтилен пакеті, резеңке мен қаптама пакетін, яғни шикізат сатып алған. Бүгінде бахила өндірісін бастап кеткен кәсіпкер 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. 1000 данадан жоғары тапсырыс қабылдайтын кәсіпкердің өз тұтынушылары бар. Әсіресе медициналық мекемелер, балабақшалар, мектеп интернаты секілді мекемелерге тендер жеңімпазы ретінде өзі тапсырысты орындап береді. Тиімді әрі табыс әкелетін өндірісті жолға қойған кәсіпкер қызметін көрші облыстарға да ұсынады. Шағын цех иесі еліміздің облыс, аудан, ауылдарынан түскен тапсырысты уақытылы орындап, жөнелтіп отыр.
«АҚЖОЛ» жеке кәсіпкерліктің иесі Айдана Қалиева – қос жоғарғы білімі бар жас. Журналист әрі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т.Айтбаев атындағы №132 орта мектепте зертханашы болып жұмыс істейді. Қосымша табыс көзін тапқан жас кәсіпкердің бос уақыты жоқ. Қолы қалт еткенде өндіріс басына барып, жұмысты өзі жүргізсе, алдағы уақытта іске асыратын жаңа идеяның құжаттарын әзірлеуге байланысты іссапарларға көп шығады.
Қос бірдей кәсіпкерлік саланы қолға алған жас кәсіпкер жоғарыда айтылғандай екі баланың анасы. Оның бастамаларын қолдап отырған ата-анасы мен екі бірдей бауыры бар. Балаларының болашағы үшін бірнеше кәсіпті қолға алған Айдана жақында аудан әкімінің қолдауымен ауданның «Үздік жас кәсіпкер» номинациясын жеңіп алды. Бұл ауданда кәсіпкерлік бағытты қолға алған жастарды қолдауға берілген марапат.Сырдария ауданының Нағи ауылында тұратын жас кәсіпкер өз ісін дөңгелетіп, жаңа өнім түрін шығара бастады. Ол бахила өндірісімен айналысып, өз ауылында және аудан аумағында тұтынушыларға сапалы бахила ұсынып отыр. Бұл кәсіптің басталуы, алдымен, сұраныстың артуымен байланысты болса, бүгінде оның өндірісі аймақтық деңгейде сұранысқа ие болып, кәсіпкердің табыс көзіне айналды. Кәсіпкердің сөзінше, бахила шығару ісі идея ретінде бірнеше ай бұрын пайда болған. Оның алдына қойған мақсаттарының бірі көпшілікке қажетті өнімді шығарумен қатар, өндіріс саласында өз үлесін қосу және жұмыс орындарын ашу болды.