Әкімдер оқ атудан жарысты

1 552

Фото: Қорғаныс министрлігіҚазақстанда әкімдерге арналған әскери жиын өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әскери жиын "Сарышаған" полигонында ұйымдастырылды. Оған Қарағанды және Ұлытау облыстарынан келген 27 әкім мен олардың көмекшілері қатысты. Олар Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Сәкен Жүсіповтің әлемдегі және өңірдегі әскери-саяси жағдай туралы дәрісін тыңдады.


Сонымен қатар, әкімдер артиллериялық зеңбіректерден жауынгерлік атыстың қалай өтетінін көрді.


Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың басшылары қарудан оқ атып, сынақ тапсырды.


Калашников автоматынан оқ атуда Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков, ал Макаров тапаншасынан Бұқар жырау ауданының әкімі Абылай Сұлтанғали үздік атанды.


Қатысушылардың бәріне Бауыржан Момышұлының "Соғыс психологиясы" кітабы берілді.


"Әлемдегі геосаяси жағдайдың ушыққанын ескерсек, мұндай сабақтарды өткізу өзекті. Жиын бағдарламасы өте қарқынды болды. Алған ақпараттың арқасында мен қаламыздың аумақтық қорғаныс органдары жұмысының тиімділігін және жауынгерлік қабілетін арттыру керегін түсіндім", - деді Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.