Қостанайда балабақша тәрбиешісі баланы жазым етті (ВИДЕО)
407
Қостанай қаласындағы №61 балабақша тәрбиешісі орындықта отырған баланы жұлқып қалғанда ол орындықтан құлап, кеуде сүйегі сынып кеткен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті ақпарат құралдарының бірі балабақша тәрбиешісі орындықта отырған баланы күшпен жұлқи тартып қалған видеосын жариялады.
Балабақша басшылығы бұл оқиғаға аса мән бермеген. Кейіннен белгілі болғандай, облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі қазіргі таңда «№61 балабақша» КМК қызметкерінің тәртіптік жауапқа тартылғанын мәлімдеді.
Оқыс оқиғаға байланысты білім бөлімі Қостанай қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары және қызметкерлерімен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жиын өткізді.

«Мұғалімге 2022 жылғы 29 маусымдағы бұйрық бойынша сөгіс жарияланды. Сонымен қатар, осы жылдың 5 шілдесінде №61 бөбекжайдан жұмыстан шығарылды. Ал аталған балабақшаның меңгерушісі ескерту түріндегі тәртіптік жауапқа тартылды», – деп түсіндірді ведомстводан.