Колония басшысының орынбасары ұсталды

1 370

Фото: istockphoto.comАлматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №14 мекеме басшысының орынбасары ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«2024 жылғы 13 қарашада Алматы облысы прокуратурасының Алматы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының №14 мекемесі басшысының орынбасарын бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұстады», — делінген облыстық прокуратураның баспасөз хабарламасында.

Қылмыстық іс аясында оқиғаның барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді» — деп хабарлады баспасөз қызметі.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.