Дәурен Абаев Бердібек Сапарбаевтың сөгіс алуына қатысты пікір білдірді

336
Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев "Ашық диалог" сұхбатының кезекті санында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың сөгіс алуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
"Формалды тұрғыдан алсақ, шенеунікті жаңа қызметке тағайындау бойынша ешқандай проблема болмаған шығар. Бәрі заң нұсқаған жолмен істелген де болуы керек. Бірақ мемлекеттік қызмет құрғақ заңға ғана негізделмейді. Сонымен қатар этика, қоғамға қызмет ету де оның міндетіне кіреді.

 Мен қазір қателесуім мүмкін. Есімде болса, Қазақстанда 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметші бар. Оның бәрін Президент қызметтен босатып жатқан жоқ қой, оған келісетін шығарсыз. Бұл ерекше жағдай", - деп түсіндірді Дәурен Абаев.
 
Оның пайымынша, Президент қабылдаған бұл шешімнің ресми жағынан бөлек, символдық мәні бар. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.