Қоғамдық көлікте қарт кісі оқушы қыздың бетінен ұрған
1 382
Әлеуметтік желіде Алматыда үлкен жастағы ер адамның мектеп оқушысына шабуыл жасағаны туралы видео тарады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиға қоғамдық көлікте болған.
«Басымнан өткен жағдайды айтқым келеді. Алматыда 2024 жылдың 6 желтоқсаны күні сағат екіден 45 бағыттағы автобуста маған (кәмелетке толмаған оқушы қыз) қарт адам шабуыл жасады. Ол мас күйінде болуы мүмкін. Жағдай мені ояту үшін аяғымды тебуінен басталды, содан кейін сөзге келіп қалып қалды. Артынша, ол менің бетімді ұрып, көзілдірігімді жұлып алып, сындырып тастады. Шағым берілді», - деп жәбірленушінің оқиғасын Kris.p.karasai парақшасы жариялады.
Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі берген түсініктемеде бұл факт бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
«Құқық бұзушының жеке басы анықталды, ол ұсталды. Қатысушының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», - деді полиция.