«Қазпошта» кассирлері 84 миллион теңгеден астам қаржы жымқырған

1 564

© АО "Казпочта""Қазпочта" АҚ-ның Алматы облысы Жамбыл аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінде кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында азаматтарға төлқұжаттар мен жеке куәліктерді беру кезінде төленген мемлекеттік баж салығының бір бөлігін жымқырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Содан кейін олар көші-қон полициясына бұрмаланған жалған түбіртектерді берген. Қаржы мониторингі агенттігінің мәлімдеуінше, мемлекетке 84 миллион теңгеден астам шығын келген.


Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысы прокуратураның үйлестіруімен мемлекеттік қызметтер көрсетілгендігі үшін жасалған төлемдерді аса ірі мөлшерде жымқыру мән-жайы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.


Тергеп-тексерумен Алматы облысы Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде қызмет көрсететін "Қазпошта" АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырғандығы анықталды.


Көші-қон қызметіне баж соммасы жайлы көрінеу жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген.


Тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.


"Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқықбұзушылықтар үшін заңмен жауапкершілік көзделгендігін ескертеді",- деп хабарлады ведомстводан.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.