Ақтөбе әуежайы 17 наурыздан бастап жабылады

315
 17 наурызынан бастап Ақтөбе әуежайының ұшу-қону жолағын пайдалану бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатылады, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.


9 наурызда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша Ақтөбе әуежайында ұшу-қону жолағын тексеру жүргізілді. Тексеруге Ақтөбе облысы әкімдігі, Азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы және Air Astana, SCAT, Qazaq Air әуе компанияларының өкілдері қатысты. Кей жерлерде ұшу-қону жолағының жағдайында ақаулар, жарықшақтар, әуеайлақ плиталарының, мастиканың қабыршақтануы анықталды.

Белгіленген талаптарға сәйкессіздікті, сондай-ақ азаматтар үшін ұшу қауіпсіздігінің басымдығын ескере отырып, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ағымдағы жылдың 17 наурызынан бастап Ақтөбе әуеайлағының ұшу-қону жолағын пайдалануды бұзушылықтарды жойғанға дейін тоқтату туралы шешім қабылдады. Өз кезегінде Ақтөбе облысының әкімдігі қысқа мерзімде әуеайлақ плиталарын ауыстыру және жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға дайын. Әуежайды пайдаланушы бірінші кезекте ауыстыруды талап ететін плиталарды анықтай отырып, тексеру актісін жасауда және әуеайлақтың ұшу-қону жолағына ағымдағы жөндеу жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.