Қараусыз қалған зауыт маңынан әйел өлі табылды

1 438

Фото: istockphoto.comАлматы іргесіндегі ауылдардың бірінде әйел өлі табылғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, таксимен кетіп қалған әйел таңертең Қызыл Қайрат ауылындағы қараусыз қалған зауыт маңынан өлі табылған.

Алматы облысының полиция департаментінің өкілдері марқұмның 56 жаста болғанын айтты. Мәйіттің табылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Қазір оқиғаның мән-жайын объективті анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілдері.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.