20 жастағы спортшы адам қолынан қаза тапты

1 372

Фото: istockphoto.comАлматыда 24 желтоқсанда 20 жастағы жігіт адам қолынан қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қылмысқа күдікті ұсталды. Оқиға Наурызбай ауданының аумағында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде біреуі пышақ қолданған.

"20 жастағы ер адамның өліміне қатысты Наурызбай ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс құралы тәркіленді", - деп хабарлады Алматы Полиция департаменті.

Әлеуметтік желілерде бірнеше дереккөздер қайтыс болған адам кикбоксшы Әли Серік екенін хабарлады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.