Қызылордада түрмеге телефон алып кірмек болған

1 381

Фото:  №60 мекемесіҚызылорда қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты №60 мекемесі жедел бөлімінің жедел ақпаратына сәйкес, мекеме аумағына тыйым салынған затты жеткізуге әрекеттенген азамат ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиға мекеменің негізгі қоршауының жанында болған. Белгісіз біреу тыйым салынған затты лақтыруға әрекет жасаған сәтте, жедел бөлім қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, күдікті азаматты құрықтады. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шақыртылып, тексеру барысында 4 телефон , 5 қуаттағыш, 1 құлаққап тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар сотқа жолданды. 

Мекеме бастығы Мақсұт Өтетлеуовтың айтуынша, мекеме аумағына тыйым салынған заттарды өткізуге әрекеттену – заң бұзушылық және ол үшін қатаң жаза қарастырылған. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жедел бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілуде. Соған қарамастан, сотталғандардың таныстары, туыстары тыйым салынған заттарды әрекеттермен өткізуге тырысады. Бірі тамақ ішіне жасырса, енді бірі аяқ киім табанына жасырып өткізбек болады. Мекеме әкімшілігі сотталғандардың туыстары мен таныстарын заң талаптарын сақтауға шақырады, өйткені заңды білмеу — жауапкершіліктен босатпайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.