Атырауда вакцина салдырған ару 500 мың теңгенің туристік жолдамасын ұтып алды

298
Атырауда вакцина салдырған бойжеткен 500 мың теңгенің туристік жолдамасын ұтып алды деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Атыраудағы «Тамаша» сауда орталығы вакцина алған тұрғындар арасында ұтыс ойынын ұйымдастырған еді. 

Ұтыс ойыны 24 маусымда басталды. Ұтыс ойынына сауда орталығындағы егу бекетінде вакцина салдырған 2 мыңнан астам адам қатысты. Алдымен екі 10 мың теңгелік, бір 30 мың теңгелік ақшалай сыйлық ойнатылды. Ұтыстың басты сыйлығы – 500 теңгелік туристік жолдаманың сертификатын Құрманғазы ауданының тұрғыны Аида Шайхиева ұтып алды. 

"Бір ай бұрын сауда орталығында вакцина салдырған едім. Енді міне, 500 мың теңгенің туристік жолдамасына ие болдым. Бұл – мен үшін тосынсый", -дейді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.