"Мәсімов түрмеде өліп қалуы мүмкін" – дәрігер
Қамауда отқан ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің жағдайын дәрігерлер мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бірер күн бұрын Кәрім Мәсімовтің ресми сайтында айыпталушының сотқа жете алмауы мүмкін деген ақпарат жарияланды.
"4 сәуірде Джонс Хопкинс университетіндегі Кәрім Мәсімовтың дәрігері, доктор Эрнест Браун Мәсімовтың ерте өлімінің қаупі жоғары деген ұйғарым жасады. 2023 жылдың қаңтарында медициналық көмектің болмауына байланысты шұғыл операциядан зардап шеккен, прогрессивті екі жақты көз катарактасы мен ауыр созылмалы коронарлық артерия ауруы бар "Кәрімді одан әрі қамауда ұстау оның инфаркттан немесе инсульттан ерте өліміне әкеліп соғады", – делінген сайттағы жариялымда.
Дәрігер онымен қатар, егер шұғыл көмек көрсетілмесе, Мәсімовтің денсаулығы нашарлай түсетінін айтқан.
Еске салсақ, өткен жылдың 6 қаңтарында Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған болатын.