Найзағай және бұршақ. Алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

478
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 24-26 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады және бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп болжанған.

"Республиканың барлық аймағында температура фоны салыстырмалы түрде тұрақты, батыста түнде 17...22, күндіз 32...39 градус жылы, солтүстікте түнде 13...18, күндіз 30...35 градус жылы, республиканың орталығы мен шығысында түнде 11...17, күндіз 27...33 градус жылы, оңтүстікте түнде 15...22, күндіз 32...39 градус жылы болады", - делінген хабарламада.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.