Қызылордада балабақша тәрбиеленушілері мінген көлік апатқа ұшырады
Қызылорда қаласында жеке балабақша тәрбиеленушілері мінген көлік қоғамдық көлікпен соқтығысты. Бұл туралы қалалық білім бөлімінен хабарлады,- деп "Opennews.kz" ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқыс оқиға кеше, яғни 1 шілде күні таңғы сағат 8-ге таман болған. Балалар мінген көлік балабақшаның тасымал көлігі емес. Оны балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейтін маманның жолдасы басқарған.
Аталған ведомство өкілдері жеке балабақшаға жоспардан тыс мониторинг жүргізіліп, тиісті шара қабылданатынын атап өтті.
Жол апатына байланысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
Тәртіп сақшылары осы орайда жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.