Шиелі ауданында білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда

2 275

Фото: Аудан әкімдігіШиелі ауданында білім беру сапасын жақсарту мен қауіпсіздікке баса мән берілуде. 75 жеке балабақшаға жүргізілген тексерулер нәтижесінде талапқа сай келмеген 25 балабақша мемлекеттік тапсырыстан шығарылды.

Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрап, 785 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың жағдайы қайта зерттеліп, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны едәуір азайтылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Білім

Шиелі ауданы бойынша жалпы білім беретін 38 мектеп, 2 жеке мектеп, 18 мемлекеттік, 75 жеке балабақша жұмыс жасайды. Аудан бойынша үш ауысымдық және апатты жағдайдағы білім беру мекемелері жоқ.

Жыл сайын халық саны артуда. Мектептерде оқушы саны көбейіп келеді. Осы орайда балалардың қауіпсіздігі мен білім алуына жағдай жасау басты назарда.

Шиелі кентіндегі «Сыр ұланы» лагері мен Керделі ауылындағы «Қарлығаш» балабақшасындағы ескі қоршаулар жаңартылып, заманауи қауіпсіз қоршаулар орнатылды.

2022 жылғы №381 бұйрыққа сәйкес, 2025 жылдың 29 мамыры мен 6 маусымы аралығында жеке балабақшаларға мониторинг жүргізілді.

Нәтижесінде 75 жеке балабақша тексеріліп, 25 балабақша мемлекеттік тапсырыстан шығарылды (305 қызметкер, 981 бала).

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау

Аудандағы халық саны — 85 945. Экономикалық белсенді халық саны — 36 501, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны — 34 668 (жалдамалы — 17 668, өзін-өзі жұмыспен қамтыған — 17 000). Жұмыссыздар саны — 1833 адам (5,0%).

2025 жылдың 1 шілдесіне дейін 810 азаматты жұмысқа жолдау жоспарланып, 785 азамат ақылы қоғамдық жұмыс орындарына тартылды.

Әлеуметтік қолдау

2024 жылы 469 отбасының 2664 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

2025 жылға 1 шілдеге дейін 205 отбасының 1118 мүшесіне көмек белгіленіп, 203 отбасының 1101 мүшесіне төлем жүргізілді.

АӘК алушылардың тұрмыс жағдайын қосымша зерттеу нәтижесінде алушылар саны 47,5 пайызға қысқарды.