Такси жүргізушісі жолаушы әйелдің бетіне бұрыш баллонын шашып жіберген

251
Павлодарда таксист ер адам әйелдің бетіне бұрыш баллонын шашып жіберген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Оқиға 24 желтоқсанда Павлодар қаласы Торайғыров көшесінде болған. Audi автокөлігінің жүргізушісі жанжал кезінде қала тұрғынының бетіне бұрышты баллон шашқан. Полиция автокөліктің жүргізушісін анықтады. Ол 32 жастағы павлодарлық болып шықты. Осы факті бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, — делінген хабарламада.


Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал қарау үшін Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жіберіледі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.