Полицейлер аязды түнде жолда қалған шетел азаматын құтқарып қалған
Ақтөбе облысында полицейлер аязды түнде жолда қалған шетел азаматтарына көмектесті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kaz.zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
11- ші наурызға қараған түні ауа температурасы –25 градусқа дейін төмендеген кезде Ақтөбе облысында полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар автожолда қалған жолаушыларға көмек көрсетті.
Қарабұтақ ауылының маңында полицейлер жол жиегінде тұрған жолаушылар автобусын байқаған. Аталған автобус Тәжікстан Республикасынан Ресей Федерациясына бағыт алған. Қолайсыз ауа райы мен қатты аяз салдарынан көлік қозғалысын жалғастыра алмаған. Автобус салонында 34 шетел азаматы болған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жолаушыларға қажетті көмек көрсетті. Аязда ұзақ уақыт қалып қоймауы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтар уақытша кемпингке жеткізіліп, орналастырылды.







