Ер адам әкесін аяусыз соққыға жыққаны үшін қамауға алынды

2 517

Фото: Іnstagram.com/almas_sadakbaev/Видеодан скринӘлеуметтік желіде тараған видеодан ер адамның аяғына тұра алмаған қарияға жекіп сөйлеп, оны жұлқып жатқанын көруге болады. Тіпті сабап жатқан дыбыстар естілген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Желі қолданушыларының айтуынша, жағаұстатарлық жағдай Түркістан облысының Шардара қаласында болған. Олар видеодағы әкесі мен баласы екенін айтады.

Ер адам жуындырғалы жатқан қартты балағаттап, “екі қабырғаңды сындырамын” деп қорқытты. Енді бір кадрдан ақсақалдың жолдың үстінде аяққа тұра алмай отрығанын көруге болады.

Автор видеоны жасырын түсірген. Үшінші кадрда адамдарың не істеп жатқаны анық көрінбегенімен, соққының дыбысы шығып жатты. Ақырында қария жақын күндері көз жұмған.

Желі қолданушыларының сөзінше, видеодағы ер адам - көпке танымал асаба. Сондай-ақ баласынан қорлық көрген қарияның қайтыс болғанын жазды.

Түркістан облысы полиция департаменті болған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады.

“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілуге жатпайды”, – деп мәлімдеді полиция.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.