Көлік тұрағынан пакетке салынған адам сүйектері табылды
Шымкент қаласының тұрғыны пакетке оралған адамның бас және өзге де сүйектерін тауып алды. Мұндай жағдай бұған дейін де тіркелген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Шымкент қалалық полиция департаменті хабарлағандай, оқиға орнына жедел-тергеу тобы жөнелтілді.
Анықталғандай, былтыр Шымкенттің дәл осы ауданында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан кезде мәйіттер табылған. Сарапшылардың айтуынша, олардың жасы шамамен 25-30-да.
Шымкент тұрғыны Володарский көшесіндегі супермаркеттің жанындағы көлік тұрағынан адам сүйегі табылғаны туралы хабарлаған. Куәгер оларды құрылысшылар тауып алуы мүмкін деген болжам айтты. Себебі жақын жерде абаттандыру жұмыстары жүріп жатты.
Тағы да оқыңыздар







