Белгісіз індеттен мал жаппай қырылуда

1 536

Фото: istockphoto.comАтырау облысының Қызылқоға ауданындағы Қарабау ауылында белгісіз індеттен мал қырылып жатыр. Ауыл тұрғындары жағдайға тиісті органдардың салғырт қарағанын айтып, наразылық білдіруде, -деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғындардың айтуынша, індеттің алғашқы белгілері – малдың тұра алмауы, аяқтарын баса алмауы, дене қызуының көтерілуі, су ішуден қалуы.

Аудандық ветеринариялық станция басшысы Жәнібек Кенжиннің мәліметінше, өлген мал өлекселері санитарлық талаптарға сай өртеліп, орындары толық залалсыздандырылған. Алынған патологиялық сынамалар облыстық зертханаға жіберілген.

Мамандар індеттің қарасан немесе пастереллез болуы мүмкін екенін болжауда. Қазіргі кезде жағдай бақылауға алынған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.