Ресейдегі зауыт аумағынан екі қазақ азаматының денесі табылды

1 514

Фото: cruiseinform.ruРесейде металлургиялық комбинат аумағында екі қазақстандық қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға "Северсталь" компаниясының негізгі активі саналатын Череповец металлургиялық комбинатының (ЧерМК) өнеркәсіптік алаңында болған

"14 қаңтарда ЧерМК өндірістік алаңының аумағында мердігер ұйымдардың екі қызметкері – Қазақстан азаматтарының денесі табылды. Қазіргі уақытта өлім себептері тергеліп жатыр. Оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде. Қызметкерлердің туыстарына терең көңіл айтамыз", – делінген "Северсталь" компаниясының хабарламасында.

Вологда облысы бойынша Ресейде Тергеу комитетінің мәліметінше, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Болған жағдайдың себептері анықталуда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.