Алимент төлемеген ана сотталды

1 524

Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық  фотосуретіАқмола облысында балаларына алимент төлемеген ана сотталды,- деп хабарлайды  Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының прокурорларымен кәмелетке толмаған балалардың құқықтары қорғалған. 

2025 жылы Бұланды ауданы прокуратурасының бастамасымен балаларды асырауға қаражат төлеуден жалтарғаны үшін ҚК-нің 139-бабы бойынша кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден жалтарған азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Аудан прокуратурасы борышкердің міндеттемелерді орындау бойынша шараларды қолданбай ұзақ уақыт бойы әрекетсіз болғанын анықтаған. Нәтижесінде оның қарызы 2,2 млн теңгеден асқан. 

Сот үкімімен борышкерге бір жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды. Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылатындығын еске саламыз, - деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.