Өзбекстанда оқушы қыздарға мектепке орамал тағып келуге рұқсат етілді

594

Өзбекстанның ұлттық білім министрлігі оқушы қыздарға мектепке бастарына тақия мен орамал тағып келуге рұқсат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.

“Біздің ұлттық құндылықтарды ескере келе, оқушы қыздарға бастарына ақ және ашық түсті орамал тағып немесе тақия киіп келуге рұқсат етіледі”, – делінген министрлік хабарламасында. 
Ведомство мәліметінше, мұндай шешім ата-аналардан көптеп келіп түскен өтініштерден кейін шығарылған.
“Бұл ертең барлық оқушылар осылай келуі керек деген сөз емес. Егер оқушы қыздар орамал таққысы келмесе, оларды қинауға болмайды”, – дейді Өзбекстанның ұлттық білім министрі Шерзод Шерматов.
Айта кетсек, биыл Өзбекстанда оқу жылы дәстүрлі форматта басталды. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.