Қала көшелерінде жалаңаш ер адам көзге түскен

1 518

Фото: Видеодан скриншотЖамбыл облысы Қордай ауылында ер адам көшеде жалаңаш жүрген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 11- ші ақпан күні күндіз ауылдың орталығында болған. Куәгерлер түсірген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарап кеткен. 

Қоғамдық тәртіпті әдейі бұзған ер адамның жеке басы анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілген.

“Құқық бұзушыға қатысты “Қоғамдық орында мас күйде жүру” және “Ұсақ бұзақылық” баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оның әрекеті қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытты. Материалдар сотқа жолданды”, – делінген хабарламада.

Полиция департаменті мұндай әрекеттердің заңға қайшы екенін атап өткен.

“Қоғамдық орын – білгенін істейтін жер емес. Мінез-құлық нормаларын әдейі елемеген әрбір адам жауапкершілікке тартылады”, – деп ескертті ведомство.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.