Алтын Орда дәуіріне тиесілі ерекше жәдігер табылған

1 515

Фото:©Ozkan Bilgin/Anadolu via Getty ImagesАтырау облысындағы ортағасырлық Сарайшық кешенінің аумағынан Алтын Орда дәуіріне тиесілі жәдігерлер табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар биыл ортағасырлық Сарайшық кешеніне қарасты бес қалашық орнынан 250-ге жуық жәдігер табылған. XIV ғасырдың алғашқы кезеңіне жататын тұрғын үйлердің, цитадельдің және керуенсарайдың бөліктері анықталған. Табылған жәдігерлер – Алтын Орда дәуіріне тиесілі. Сарайшық аумағында бес жерде қазба жұмыстары жүргізіліп, 150-ден астам жәдігер табылған.

"Табылған жәдігерлер қатарында металдан, шыныдан және сүйектен жасалған тұрмыстық әрі сәндік бұйымдар, қыш ыдыстар бар. Соның ішінде ең ерекше жәдігер – XIV-XV ғасырларға тиесілі, Алтын Орда қалашықтарында бұрын кездеспеген қоладан жасалған құлып", - деді "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас инспекторы, археолог Айбек Тұрарұлы.

Қазір бұл аумақ толық цифрландырылып жатыр. Әр қазба орнының алдына QR-кодтар қойылған. Туристер мобильді телефон арқылы кодты сканерлеп, тарихи нысандар туралы толық ақпарат ала алмақ. Сарайшықта Қасым ханға арналған ескерткіш салу жоспарланып отыр. Археологиялық зерттеулермен қатар көне қала аумағында қалпына келтіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр.