Ер адам әйелді күрекпен аяусыз соққыға жыққан

1 531

Фото:© BAQ.kz коллажы/ Арайлым АлтайқызыЖетісу облысы Ақсу ауданында әйелге көршісі күрекпен шабуыл жасады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.

Куәгерлердің мәліметінше, жанжал тұрмыстық себептерден туындаған. Ер адам әйелдің кәмелетке толмаған балаларына тіл тигізген. Әйел ескерту жасаған сәтте күдікті қар тазалап жүрген күрегін алып, оған шабуыл жасаған. Күдікті әйелге шамамен 40-қа жуық соққы жасаған, соның ішінде басынан да ұрған. Шабуылды оқиға орнына көмекке келген мектеп жаттықтырушылары тоқтатқан. (Видео)

Жәбірленуші жедел түрде Ақсу аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, басының ашық жарақаты, сол қолының сынуы, саусақтарының жыртылған жарақаттары, кеуде қуысы мен арқа тұсындағы жұмсақ тіндердің соғылуын анықтаған. Тексеруден кейін әйел хирургия бөліміне жатқызылып, басы мен қолына тігіс салынған. Белгілі болғандай, ол акушер-гинеколог болып жұмыс істейді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 1-бөлігіне сәйкес (денсаулыққа қасақана зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды," – деп хабарлады полиция департаменті.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.